Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ӨМІРІ ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН

ӨМІРІ ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН
          "Өнер менің жемісім мен жеңісім". Осылай деп аталған онлайн кездесудің қонағы белгілі композитор, әнші, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Сейсен Айтжанов. Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі ұйымдастырған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті.
          Бұл кеш сұхбат түрінде өткізілді. Ерекше форматтағы кештің иесі әндерінің шығу тарихына тоқталып, шығармашылығы туралы сыр  шертті.
          Мақсат — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыруда қазақтың ән өнерін, композитордың шығармашылығын халық арасында кеңінен насихаттау, жастардың мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Сейсен Айтжанов тікелей эфирде өнер сүйер қауыммен жүздесіп, шағармашылық табыстарымен бөлісті. Ол 60-тан астам әннің авторы.
          Сазгердің әндерінің тақырыбы сан алуан. Әр әннің тарихы, тағдыры бар. Сүйген жарға, елге, туған жерге, тарихи тұлғаларға арналған шығармалары баршылық.
          Негізінен патриоттық, лирикалық сағынышқа толы әуендер шығаратын сазгердің Е.Ашықбаевтың сөзіне жазған «Ақтөбе таңы», «Шұбарқұдық», О.Байсеңгірдің сөзіне жазған «Бақытты балалық», «Әскерден хат» т.б. әндері көптеген әншілердің репертуарына енген.
          Сыр-сұхбатқа құрылған кездесудің негізгі контенті — үйде отырған көптеген көрермендер. Тікелей эфирде олар пікір жаза отырып, сазгермен әңгіме өрбітіп, сұрақ қойды. Оған дәлел — әлеуметтік желілер арқылы жазылған ақжарма тілектер.