Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"РУХАНИ ҚАЗЫНА-2021" БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

"РУХАНИ ҚАЗЫНА-2021" БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова мен комиссия мүшелерінің қатысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінің отырысы өтті.
  Облыстық кезеңге қатысу үшін мәдениет үйлері, клубтар саласы бойынша – 35 өтінім келіп түсті.
Соның қорытындысына сай:
✅Ойыл аудандық мәдениет үйі - «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы»,
✅Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйі - «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы»,
✅Ырғыз аудандық «Арай» мәдениет үйінің сүйемелдеушісі (аккомпаниатор)
Кенжебек Қуандықұлы Қожамбердиев – «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері»,
✅Қобда ауданы Талдысай ауылдық клубының меңгерушісі Рауан Жасұланұлы Есбаев – «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері»,
✅Байғанин аудандық мәдениет үйі - «Үздік мәдениет үйі мен сарайының, клубтардың онлайн жобасы-2020»,
✅Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің «Шаттық» вокалдық ансамблі - «Үздік көркемөнерпаздар ұжымы - 2021»,
✅Ақтөбе қалалық Сазды мәдениет үйінің «Жас ұлан» үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі Абыл Амангелдіұлы Смаилов – «Мәдени-демалыс қызметіндегі «Мәдениет жанашыры»,
✅Хромтау аудандық мәдениет және спорт орталығының көркемдік жетекші – Оралбай Кометия – "Бердібек Соқпақбаев атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік кітаптың авторы" номинацияларына өтті.
Үздіктер Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық фестивальға жолдама алды.