Жаңалықтар мен оқиғалар
Ұлттық домбыра күні «Домбыра – думан»

Домбырам, досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді киям саған.
Шағымда шабыттанған, қиялдаған,
Шапағын, бар шаттығын құяр маған, - деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай Республика көлемінде тұңғыш рет аталып өтілген мерекенің маңыздылығын насихаттау, асыл мұра-домбыраның қадір-қасиетін ұлықтау мақсатында Ақтөбе облысында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам – 1 шілде Ұлттық домбыра күні ауқымды іс-шаралармен аталып өтілді.
Ақтөбеде күні бойы домбыра күмбірі бір толастаған емес. Ұлттық домбыра күніне мерекелік концерттер, шеберлік сабақтары, флешмобтар, кездесулер, акциялар, байқаулар, көрмелер, танымдық-тағылымдық шаралар легі осы күні дүниеге келген сәбилердің ата-анасына домбыра тарту акцияларымен жалғасын тапты.
Темір, Әйтеке би, Шалқар аудандарында ашық аспан астында мәдениет үйлерінің шығармашылық ұжымдары мен жеке домбырашыларының орындауында күй атасы – Құрманғазының, Қазанғаптың, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Ахмет Жұбановтың күйлері орындалды.
Қаланың А.Пушкин, ҚР Тұңғыш Президенті және Денсаулық саябақтарында, Нұр-Ақтөбедегі мектеп алаңында, Орталық базар, Шығыс базары аумағында ақтөбеліктер қалалық мәдениет үйлерінің «Күмбірле, қоңыр домбыра!" өнер ұжымдарының концерттеріне тәнті болды.
Облыс орталығындағы негізгі шаралар Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алдында ұйымдастырылды.
Киіз үй ішінде қазақтың домбыра, қобыз аспаптары мен ат әбзелдерін жасап, қамшы өру кәсібін жалғастырып жүрген қолөнер шеберлерінің көрмесінде ағаштан түйін түйген шеберлер Ерқосай Әбілов, Марат Қабижанов, Құтым Хасенов және Шоқан Қали көрермендерді домбыра жасаудың қыр-сырымен таныстырса, ал екінші киіз үйде қаламыздың ең үздік жыршы-термешілері көрермендерді сауыққа бөледі. Белгілі жыршы, халықтық "Шашу" отбасылық ансамблінің мүшесі Өмірхан Жетесов халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің "Нарқыз" және «Қобыланды" эпосын жырлап, думанның көркін қыздырды.
Әрқашанда өнер мен спорт - егіз ұғым! Осы орайда "Домбыра - думан" мерекесі аясында стадиондағы «Ақтөбе»-«Шахтер» футбол командаларының ойыны алдында 500 домбырашы бір мезетте академик, композитор Ахмет Жұбановтың «Би күйін» және күй атасы - Құрманғазының "Адай", "Балбырауын" күйлерін күмбірлетті.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Қорғанбаева ағашты «сөйлетіп», темірден түйін түйіп, ұлттық музыкалық аспаптарды жасаумен айналысып жүрген қолөнер шеберлері - Ерқосай Әбілов, Марат Қабижанов, Құтым Хасенов пен Шоқан Қалиға Алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттарды табыстады. Қыз бен жігіт арасындғы айтыс мерекенің сәнін келтірді.
Концерттік бағдарламада дәстүрлі әншілер, жыршы-термешілер Демеу Жолымбетов, Перуза Нарман, Жасұлан Қасымов, Нұрлан Әбдіров және домбырашылар ансамблі мен жеке күйшілер тамаша күйлер мен жырдан шашу шашты.
Белгілі домбырашы, қолөнер шебері Марат Қабижанов ақсақал рухани мол мұраны келешек ұрпаққа жеткізуді аманаттап, халыққа батасын беріп, домбырасын жас орындаушыға сыйлады.
Көрермендер түрлі викториналық сұрақтарға қатысып, облыстық кітапханалар ұйымдастырған қызықты кітаптар мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін тамашалады.