Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ «КҮЙШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ» ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ
Қастерлі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Ақтөбеде «Күйшілер одағы» Республкиалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ашылды.
Мақсаты – өңірде тұратын күйшілердің басын біріктіру, күйшілік өнерді насихаттап, күйшілерге кәсіби біліктілігін арттыру үшін шығармашылық орта қалыптастыру, өңірлік жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру.
Игі шараны Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова ашып, құттықтауын білдіріп, «Күйшілер одағы» облыстық филиал төрағасы болып тағайындалған белгілі күйші, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас концертмейстері әрі ұстаз Талап Хамзинге кәулігін табыстады. Басқарма басшысы Алтынай Юнисова бұл филиалдың ашылуын маңызды оқиға деп атады.
Филиал облыстық халық шығармашылығы орталығы ғимаратынан орын алды.
Жиынға Ақтөбе қаласындағы аға буын мен жас күйшілер қатысты. Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды.
Белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазанғаптанушы әрі ұстаз Жайлау Асылханов облыстық халық шығармашылығы орталығы өңірдегі күйшілер мен қонақтарының маңдай тірейтін екінші үйі болатынын айтып, күйшілерге тілегін.