Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ «ЕР ЕДІГЕ – НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНІҢ ЖЫРЫ» МУЗЫКАЛЫҚ АЛЬБОМЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Ер Едіге батырдың есімін ұлықтауға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы 26 қарашада Ақтөбе қаласында «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» тақырыбымен өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жыр альбомының тұсаукесері өтті.
“Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған шараның мақсаты - түркітектес байырғы көшпенділер жасаған Қазақстанның мәдени мұраларының бірі, қазақ халқының жыршылық өнеріне арқау болған қазаққа ғана емес, исі түркі халықтарына ортақ мұра «Едіге» тарихи-қаһармандық эпосының басты кейіпкері ер Едіге батырдың өмірі мен ерлік жолдарын насихаттау, жас ұрпақты халықтың жырларымен сусындатып, қадір-қасиетін арттырып, көп жанрлы дәстүрлі өнерімізбен таныстырып, тәрбиелеу.
Осы орайда Ақтөбе облысында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Дала музыкасы мен фольклорының мыңжылдығы» жобасы негізінде қазақ халқының тарихы мен әдебиетінің мәдени мұраларын зерттеп, зерделеп, жинақтау мақсатында кешенді бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асырылуда.
«Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомының тұсаукесер рәсіміне арналған іс-шаралар Едіге батырдың ескерткішіне тағзым етуден басталды. Шараға Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, қонақтар, БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп, «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық антологиясының тұсаукесер рәсіміне арналған іс-шараларына келген қонақтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар Едіге бабамыздың рухына тағзым етіліп, батырдың ескерткіші алдына гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды.
Одан кейінгі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, жырау Алмасбек Алматов, “Едіге батырды ” жырлаған жырау Қайролла Иманғалиевтің ұрпағы Нуридден Қайроллаев, онлайн режимде Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Құл- Мұхаммед, Германиядан шығыстанушы, түркі халықтарының қаһармандық эпосын зерттеуші, профессор Карл Райхл, РФ У.Алиев атындағы Қарашай-Шеркес мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Насипхан Суюнова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарихшы, драматург, профессор Әнес Сарай қатысты.
Шара барысында Сақтаған Бәйішев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, едігетанушы Жұманазар Асан және композитор, ҚР мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірдің дайындаған Едіге батыр туралы деректі фильмі көрсетілді.
Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет жүргізіп, сөз кезегін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жалғастырып, жиналғандарға жылы лебізін білдірді.
- Халықты жаудан қорғаған аяулы азаматтар есімдерін ұлықтап, батырлар рухына тағзым ету арқылы, ерлік пен біртұтас Алаш елінің жарқын болашағы жолында елім деп еміренген ерлерінің қадірін білгенде ғана біздің тәуелсіздігіміз баянды болмақ.
Сондықтан тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толағай табыстарымызды енді тарихи, мәдени-рухани бағыттағы жұмыстармен ұштастыруымыз қажет екені сөзсіз. Соның бір дәлелі — Едіге батырды жаңа Қазақстанның тарихи сахнасына шығару болды. Едіге батыр – тарихи тұлға. Осы орайда орта ғасырдағы айбынды мемлекетіміз Алтын Орданың 750 жылдығына тұспа-тұс келіп отырған бүгінгі шараның да орны ерекш, - деп атап өтті өңір басшысы.
Басқосу барысында орын алған маңызды оқиға – «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомының тұсаукесері болды.
2019 жылдан бері облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен облыстық халық шығармашылығы орталығы «Едіге» тарихи-қаһармандық эпосының басты кейіпкері «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры атты музыкалық дастанын еліміздің әр өңірінен шыққан 42 жыршы-жыраулардың орындауында дыбыстық жазбаға (СD-диск) түсіру жұмысарын қолға алған болатын.
Өз кезегінде музыкалық дастанның басы-қасында Қазақстанның жетекші ғалымдары, Сыр сүлейлерінің сарқыты, жыршы-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов жетекшілік еткен белгілі өлкетанушылар, этнографтар, музыка зерттеушілері қатыстырылған бұл бастама бүгінде өзіндік мазмұны жағынан еліміздің әр өңірінің жыршы-жырауларының орындауындағы атақты Мұрын жырау Сеңгірбайұлы жырлаған «Қырымның қырық батыры», халық ақыны Нұрпейіс Байғанин жырлаған «Қарасай-Қази», Нұртуған Кенжеғұлұлы жырлаған «Мәулімнияз», «Едіге», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази» секілді ел арасында кеңінен жырланып жүрген көлемді дастандармен де ерекше байытылып отыр.
500 данамен жарыққа шыққан музыкалық альбом екі бөліктен тұрады. Ұлттық нақыштармен безендірілген бірінші кітапта «Қырымның қырық батыры» және «Едіге батыр» туралы тарихи мәлімет, жырды бізге жеткізген жыраулар, еліміздің әр өңірінен сол мұраларды жырлаған жыршы-жыраулардың өмірбаяндары, қазақ, орыс және ағылшын тілінде берілсе, келесі кітапшаның ішінде жыр жазылған 10 диск орналасқан.
Түркітектес байырғы көшпенділер жасаған Қазақстанның мәдени мұраларының бірі, қазақ халқының жыршылық өнеріне арналған бұл құнды дүние ата-бабамыздың рухани құндылықтарын қайта жаңғыртып, жас ұрпақты халықтың тарихи-қаһармандық жырларымен сусындатып, қадір-қасиетін арттырып, көп жанрлы дәстүрлі мол мұрамызбен тәрбиелеуге бағытталған.
Конференцияны қорытындылай келе, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин алдағы уақытта да Едіге батыр мен оның ұрпақтарына қатысты зерттеулер мен игі шаралар жүйелі түрде іске асырылатынын жеткізді.
Музыкалық дастан жыр қадірін білетін қалың көрермен үшін теңдесі жоқ дүние. Қазақ бар жерде жыршылық өнер өлмейді, мәңгі жасай береді.
Конференция материалдары жақын арада жинақ ретінде жарияланып, облыстың мәдени-демалыс мекемелеріне таратылады.
Жиыннан кейін Ақтөбедегі Қоғамдық келісім ғимаратында «Едіге деген ер екен» атты жыр кеші өтті. Оны атақты жырау, профессор Алмас Алматов жүргізді. Кеште белгілі дәстүрлі өнер өкілдері — Феруза Нарман, Фархат Оразов, Демеубай Жолымбетов, «Дарын» сыйлығының иегері Күнсұлу Түрікпен, Феруза Оңталап, Нұрбек Сансызбаевтар Ноғайлы дәуірі жырларынан үзінділерді жырлап, көрермендердің жанын жадыратып, көңілдерін көтеріп, жыр-термелерін төкті.
Кеш соңында Алмас Алматов бастаған жыршыларға облыс әкімінің Алғыс хаты, «Ер Едіге» қоғамдық қорының төсбелгісі, музыкальық альбом табысталып, сый-сияпат көрсетілді.