Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Н.Тапалова атындағы «Бидің ханшайымы - Нұрсұлу» «Халықтық», «Үлгілі» би ұжымдарының ІҮ республикалық байқауы

 Н.Тапалова атындағы «Бидің ханшайымы - Нұрсұлу»   «Халықтық», «Үлгілі» би ұжымдарының   ІҮ республикалық  байқауы
30 наурыз күні Облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі Нұрсұлу Тапалова атындағы «Бидің ханшайымы - Нұрсұлу» «Халықтық», «Үлгілі» би ұжымдарының ІҮ Республикалық  байқауының Гала-концерті мен марапаттау салтанатын өткізді.
Мақсаты – Қазақтың балет бишісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі- жерлесіміз Н.Тапалованың шығармашылығын насихаттау және «халықтық», «үлгілі» атақтары бар би ұжымдарына қолдау көрсету.
Байқауға алдын ала жіберілген бейне материалдарынан іріктелген  Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысының Қобда, Мұғалжар ауданынан барлығы 8 «Халықтық», «Үлгілі» би ұжымдары қатысты.
Іріктелген би ұжымдары қазақ, әлем халықтарының биі мен еркін тақырыпқа арналған билерді орындады.
Қазылар алқасының құрамы: Құмаржанов Алмат Мүшелбайұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, Ғаббасова Гүлмира Надымовна- Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер Академиясының аға оқытушысы, Мамбетова Гүлнар Жалғасбайқызы – «Аққу» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы- Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, Дандағариев Қаршыға Хамзаұлы -  А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының балетмейстері.
 
Екі күн қатарынан қатысушы би ұжымдарының мүшелері мен жетекшілеріне арналған шеберлік сабақтары өткізілді (А.М.Құмаржанов, Г.Н.Ғаббасова).
«Бидің ханшайымы - Нұрсұлу» «Халықтық», «Үлгілі» би ұжымдарының ІҮ Республикалық  байқауының жеңімпаздары:
I орын - Үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі. Бөкей ордасы БҚО. Жетекшісі – С.Сүндетова. Жүлде қоры – 200 мың теңге.
II орын - Үлгілі «Меруерт» би ансамблі. Атырау қ. Жетекшісі – М.Сейтова. Жүлде қоры – 100 мың теңге.
II орын - Үлгілі «Нұр шашу» би ансамблі. Ақтөбе қаласы, Назарбаев интеллектуалдық мектебі. Жүлде қоры – 100 мың теңге.
III орын – Халықтық «Махаббат» би ансамблі. Жамбыл облысы Қордай ауданы. Жетекшісі – З.Жазықбаева. Жүлде қоры – 75 мың теңге.
III орын – Халықтық «Жұлдыз» би ансамблі. Атырау қ. Жетекшісі – Ж.Сейтова. Жүлде қоры – 75 мың теңге.
Сонымен қатар, қатысушыларға ынталандыру сыйлығы бойынша 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.
Ғажайып биші Нұрсұлу Тапалованың шынайы өнері өлмейді, жасай береді.
Келесі ғажайып би әлемінде кездескенше!