Жаңалықтар мен оқиғалар
Басқарма басшысы Шалқардағы мәдениет ошақтарының жұмысымен танысты

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев іссапармен Шалқар ауданына барды. Сапар барысында Нұрхан Кенжебайұлы Шалқар қаласында орналасқан мәдениет нысандарының тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуге Шалқар қаласының әкімі Тұрлан Төлегенов, мәдениет саласының ардагері Ғанибет Төлеген қатысты. Сонлай-ақ, Мәдениет басқармасының басшысы Сары Батақұлы атындағы Шалқар аудандық мәдениет үйінде болды. Мәдениет үйінің жұмысымен директоры Гүлжанат Зейнепова таныстырып өтті.
Өз кезегінде Нұрхан Кәдірбаев: мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасына, яғни 380 көрермен залы бар ғимараттың сахнада орнатылған дыбыс күшейткіші, жарық беру құрал-жабдықтарына тоқталып, жоғары деңгейдегі концерт өткізу үшін тағы да бірқатар техникалармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, шығармашылық ұжымның талмай еңбек етуіне, ізденістерінің бұдан да жоғары деңгейде болуына тілектестігін білдірді.