Жаңалықтар мен оқиғалар
«Театр - өнердің ұлы көші» Х аймақтық халықтық театрлар фестивалі өз мәресіне жетті

Ақтөбеде қазақ әдебиетінің классиктері Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың шығармашылығына арналған «Театр - өнердің ұлы көші» Х аймақтық халықтық театрлар фестивалі өз мәресіне жетті.
Фестиваль 2018 жылғы сәуірдің 11-13 күндері облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Үш күнге созылған дәстүрлі өнер фестивалінде еліміздің Батыс өңірінің 9 халықтық және 2 әуесқой театр ұжымдары сынға түсіп, шеберліктерін шыңдады.
Фестиваль - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және еліміздің Батыс өңірінің театр ұжымдарының өнерін дамыту, насихаттау және олардың арасында шығармашылық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және өскелең ұрпақты отандық драматургияның ең үздік үлгілерімен таныстыруды көздеді.
Өнер фестивалінде Шалқар және Әйтеке би ауданының «Замандас» халықтық театрлары Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» музыкалық комедиясын, ал қалған театралр Т.Ахтановтың шығармаларын сахналады: Ойыл ауданының халықтық театры «Арылу», Ырғыз ауданының «Мәні» халықтық театры «Боран», Байғанин ауданының Оймауыт халықтық театры «Әке мен бала», Қарғалы ауданының «Ұшқын» жастар театры, БҚО Бөрлі ауданының «Мұрагер» халықтық театры, Атырау облысы Қызылқоға ауданының халықтық театры «Күтпеген кездесуін», Маңғыстау облысының «Ақ жол-жастар» театры, Ырғыз, Хромтау ауданының халықтық театрлары «Махаббат мұңы» драмасын көрермен назарына ұсынды.
Ұлттың жанына айналған өнер додасына Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Қорғанбаева, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының режиссеры Д.Базарқұлов, театр және кино актері, тележүргізуші А.Жұмабаев, «Алақай» облыстық қуыршақ театрының директоры Ә.Құрманалина, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының директоры Н.Кәдірбаев төрелік етті.
Театр фестивалі өнерінің биігінен көрініп, Т.Ахтанов атындағы Бас жүлдені Ойыл аудандық халықтық театры (реж.Е.,Есенбекұлы) иеленді.
«Үздік режиссура» - Асылхан Дәрібаев, Шалқар аудандық халықтық театры.
«Үздік ер адам бейнесі» - Рамазан Тансықбаев, Маңғыстау облысының «Ақ жол-жастар» театры, реж.Ә.Исаева.
«Үздік әйел бейнесі» - Несібелі Жиенбаева, Хромтау аудандық халықтық театры.
«Үздік екінші пландағы бейне» - Кенжеахмет Жұбаниязов, Байғанин ауданы Оймауыт халықтық театры, реж.Қ.Қалышев.
«Үміт» - Гүлсезім Қуанышқалиева, БҚО Бөрлі ауданының халықтық «Мұрагер» тетары, реж.Ә.Молдағалиева.
«Үздік эпизод» - Жаңылдық Бисенғалиева, Ойыл аудандық халықтық театры, реж.Е.Есенбекұлы.
«Үздік актерлік шеберлік» - Әйтеке би ауданының халықтық «Замандас» театры.
«Актерлік ізденіс үшін» - Сағадат Мұратұлы, Атырау облысы Қызылқоға ауданының халықтық теетра, реж.С.Яқып.
Қош бол, фестиваль! Сәлем, жаңа фестиваль!