Жаңалықтар мен оқиғалар
"Әнім сенсің - Астана» облыстық авторлық әндер байқауының Гала-концерті

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасын негізге ала отырып, еліміздің, ұлтымыздың, мәдени және рухани мұраларын дамыту - болашақ ұрпақ алдындағы ең басты міндеттердің бірі.
6 шілде - Астананың туған күні ҚР Тұңғыш Президенті орталық саябағында облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Әнім сенсің - Астана» облыстық авторлық әндер байқауының Гала-концерті мен марапаттау салтанатын өткізді.
Мақсаты: отандық музыка мәдениетін дамыту, жастар арасында жаңа таланттарды ашу, жергілікті сазгерлер мен ақындардың, жас орындаушылардың шығармашылығын насихаттау және еліміздің бас қаласы - Астананы дәріптейтін және мәртебесін көтеретін әндерді анықтау.
29 маусым күні байқаудың 1-ші кезеңі жабық тыңдау арқылы өткен болатын. Сазгерлердің шығармашылығын музыка әлеміндегі танымал мамандар бағалады.
Өнер додасында облыстың аудандары мен қаласынан 13 сазгер қатысып, олардың Астанаға арналған ең үздік əндері орындалды.
Өнер додасының қорытындысы бойынша: сазгерлер Нұрталап Жүсіпов пен Дулат Айтжанов және ақын Орал Бәйсеңгір «Арайлы Астана» мен «Ән Астана» әндері үшін «Астана туралы ең үздік ән» номинациясын иеленіп, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолынан диплом мен ақшалай сертификаттарын.
Ал, саябақтың бас сахнасында байқауға қатысқан сазгерлер мына номинациялар бойынша жеңіске жетіп, марапатталды:
«Үздік орындаушы» - Жанболат Сати (Қобда ауданы),
«Үздік әннің сөзі» - Нұрлыбек Қалауов (Ақтөбе қ.) ,
«Үздік сазгер» - Дабыл Даурбаев (Қарғалы ауданы).Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы құрметіне өткен облыстық «Әнім сенсің - Астана!» ән байқауында шырқалатын жаңа туындылар көрермендердің жүрегінен орын алатыны сөзсіз.