Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» атты онлайн әдеби кеші

Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» атты онлайн әдеби кеші
           Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапханасы @bogetsaymadeniet және @bogetsaykitaphana инстаграм парақшалары арқылы тікелей эфирде халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына арналған
«Ұмытпас мені ғасырлар» атты онлайн әдеби кешін өткізді.
           Мақсаты - Нұрпейіс ақынның өмірі мен жыраулық өнерін халыққа, жас ұрпаққа насихаттау кеңінен насихаттау. Онлайн әдеби кешін Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин ашып, сөз  сөйледі.
           Кеш жүргізушісі Н.Жиенбаева қазақ әдебиетінде ерекше орны бар ұлы жыршының шығармашылығына тоқталып өтті. Жас өнерпаздар Гүлжазира Абдолова, Жеткерген Токин, Самал Әбдіжаппар, Гүлнұр Бектұрғанқызы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, Аманбек Дарханұлы ақынның «Еңбек туралы жырын» айтты.
          Шара соңында ақынның шығармашылығына арналған «Ақынның асыл мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.