Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚАМҚОР ӘКЕ - БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ

ҚАМҚОР ӘКЕ - БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ
          Маусым айының үшінші жексенбісінде – Халықаралық әкелер күні аталып өтіледі. Биыл ол күн - 21 маусымға сәйкес келді. 
Әкелер күні әлемнің көптеген елінде тойланады. Осыған орай Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапханасы @bogetsaymadeniet және @bogetsaykitaphana инстаграм парақшаларының тікелей эфирінде «Қамқор әке - бақытты балалық» атты білім беру ісінің ардагері, қамқор әке Андашев Дүзбай Құрманалыұлымен онлайн сұхбатын өткізді. 
          Мақсаты - отбасы институтын қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін нығайту. 
Ардагер ұстаздың ғұмыры терең ғибратқа толы. Бүгінде Дүзбай Құрманалыұлының алдынан тәлім алған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүр. 
          – Бала тәрбиесінде әкенің рөлі маңызды. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі, – дейді ардагер ұстаз Дүзбай Андашев. 
           Тікелей эфирде ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен ардагер ұстаз Дүзбай Құрманалыұлын Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин құттықтап, ауыл әкімінің м.а Ғ.Түйтеновтың Алғыс хатын және ұжым атынан естелік сыйлығын табыс етті.
Ауыл өнерпаздары Жанаберген Токин, Әнуарбек Зинеғалиұлы «Армысыңдар, адамдар!», «Менің әкем ең жақсы адам», Гүлнұр Бектұрғанқызы «Жақсы адамдарым», Жазира Мырзахметова «Ұстазым» әндерін шырқады.