Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Альмираның алғашқы онлайн концерті

Альмираның алғашқы онлайн концерті
Альмираның алғашқы онлайн концерті
 
          1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні облыстық халық шығармашылығы орталығының «Өркен» үлгілі балалар вокалдық тобының мүшесі, жас әнші Альмира Асанғалидың «Жайнай бер, өнер, жаңаша!» атты алғашқы, ерекше онлайн концерті өтті.
          Ерекшелігі сол, мүмкіндігі шек­теулі жас әнші Альмира Асанғали жетекшісі Нұргүл Рамазановамен бірге @Аqtobe_madeniet және @Аktobe_ocnt инстаграм парақшалары арқылы ән шырқап, тікелей эфир көрермендеріне керемет көңіл-күй сыйлады. Ол көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. Әсіресе Альмираның  орындаған «Мама», «Құтты ұям», «Кукушка» әндеріне тыңдармандары тәнті болды. Оған әлеуметтік желілерге жазылған жағымды пікірлер мен жолданған «жүрек лүпілдері» (лайктар) дәлел.
          Тікелей эфирде Альмираның әндерін тамашалаған өнер сүйер қауымның қолдауын сезуі, оның қуанышты жүзінен байқалып тұрды.
          Онлайн іс-шараның басы-қасында ұйымдастырып жүрген «Өркен» үлгілі балалар вокалдық тобының жетекшісі Нұргүл Рамазанова да тебіренесін жасыра алмады. Талантты, жан-жақты, күш-жігерін өнерден тапқан, ата-анасының қуанышы, рухы мықты, шәкірті Альмираның шығармашылығына қолдау білдірді.