Жаңалықтар мен оқиғалар
«Музыка майталманына – 95 жыл»

«Музыка майталманына – 95 жыл»
27 маусым күні Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен кітапханасы @bogetsaymadeniet және @bogetsaykitaphana инстаграм парақшаларында Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Музыка майталманына – 95 жыл» атты онлайн концертін өткізді.
Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин сөз сөйлеп, еліміздің музыка мәдениетінде өшпес із қалдырған ерекше дарын иесінің артында қалған мұрасы өлшеусіз екендігіне тоқталып өтті.
Кеш барысында Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», «Ата толғауы» күйлерін жас күйші Аманкелді Арынғазы тартса, ал композитордың әсем әндерін ауыл өнерпаздары Асылай Төлебай, Айғаным Ысқақова, Гүлнұр Бектұрғанқызы, Жеткерген Токин, Нұрсұлтан Мырзахметов нақышына келтіре орындады.