Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ару қалам, асқақ ордам!

Ару қалам, асқақ ордам!
6 шілде күні Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапханасы @bogetsaymadeniet және @bogetsaykitaphana инстаграм парақшаларында Елорда күніне арналған «Ару қалам, асқақ ордам!» атты мерекелік онлайн концертін өткізді.
Тікелей эфир көрермендерді Елорда күнімен Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. 
Концерт жүргізушісі Махаббат Орал еліміздің бас қаласы, тәуелсіздігіміздің тірегі Елорданың тарихына тоқталып өтті. Онлайн концертте ауыл өнерпаздары Жеткерген Токин «Мереке», «Астана», Әнуарбек Зинеғалиұлы «Туған жер», Нұрсұлтан Мырзахметов «Астана», Несібелі Жиенбаева «Елбасы» әндерін айтты. Бұдан кейін де туған ел туралы әндерге кезек берілді. Күй шалқып, жыр оқылып, би биленді.
Шара соңында кітапханашы Гүлнұр Бектұрғанқызы «Ел жүрегі - Елорда» атты кітап көрмесіне шолу жасады.