Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ ҚОЯНБАЙ ТОБАҒАБЫЛОВ 55 ЖАСТА

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ ҚОЯНБАЙ ТОБАҒАБЫЛОВ 55 ЖАСТА
          Бүгін, 20 желтоқсан күні белгілі дәстүрлі әнші Қоянбай Тобағабылов 55 жасқа толып отыр. Қазақтың дәстүрлі әнін насихаттап, өнерімен халықты тәнті етіп жүрген әнші Қоянбай Тобағабыловты шын жүректен мерейлі жасымен құттықтаймыз!
          Дәстүрлі әнші өнер жолында қазақ халқының төл туындылары мен термелерін нақышына келтіре орындап қана қоймай, ел арасында жоғары деңгейде насихаттап келеді. Өнер сүйер қауым Қоянбай Тобағабыловтың салған әніне, оның қазақтың өнеріне деген құрметіне тәнті. Ол шығармашылық жолын халық қазынасын дәріптеуге арнаған жан.
          Қазақтың әнін дəріптеп, елінің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген Қоянбай Тобағабылов Ырғыз ауданында дүниеге келген.
          Қоянбай Несіпбайұлы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойында Париж сахнасында ән салып, республикалық додаларда бәйгенің алдында болып, оның орындауындағы Ғарифолла Құрманғалиевтің «Он алты қызы», Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асығы» мен халық әндері тыңдаушының көңілін жадыратып келеді. Ол бүгінде Облыстық халық шығармашылғы орталығында ұлт мақтаныштары қалдырған мұраны, әуезді әндері мен шығармаларын кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Сол арқылы Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған бірқатар игі істерге өз үлесін қосуда. 
          Құрметті Қоянбай Несіпбайұлы! Мерейлі мереке күніңізде Сіздің еңбегіңізге шығармашылық табыс, отбасыңызға бақ пен береке тілейміз.