Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 27 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ШАТТЫҒЫ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

2018 жылғы 14 желтоқсан күні Өнер орталығында ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің шаттығы» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, еңбек ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, саяси партия филиалдарының жетекшілері мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жетекшілері, түрлі сала қызметкерлері және БАҚ өкілдері, жалпы саны 1 мыңнан астам адам қатысты.
Салтанатты шарада өңір басшысы Б.М.Сапарбаев тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақыт аралығында еліміздің асқан асуы мен бағындырған белестеріне тоқталып, жиналғандарды ұлық мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен ҚР мемлекеттік наградаларымен наградталған тұлғаларға салтанатты түрде сыйлықтарын табыс етті.
Мерекелік шара әдемі ән-жырмен, би-күймен жалғасты.