Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

САЗДЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

САЗДЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
          2018 жылғы 7 желтоқсан күні Сазды мәдениет үйінің 10 жылдық мерекесіне арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Би сыры" би өтті. Байкауға облыстың Қарғалы, Шалқар аудандары мен қала мектептерінен 21 би ұжымы қатысты.
          Шараны құттықтау сөзімен Астана ауданының әкімі Б.Тілегенов ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
          Түстен кейін мереке «Өнерім - менін тынысым" гала-концертімен жалғасып, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» АОФ қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Н.Табылдинова Сазды мәдениет үйінің ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, қалалык мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Юнисова Ақтөбе қаласы әкімі І.Испановтың Алғыс хатын табыстады.
           Көрермендер мен қонақтарды фойеде ұлтык нақыштағы көрмелер және А.Смайлов жетекшілік ететін "Жас ұлан" үрмелі аспаптар оркестрі карсы алды.
           Концертте "Ақ маржан" әжелер ансамблі, Смайловтар, Салмухановтар, Ниябековтер, Балғалиевтар отбасылық ансамбльдері, "Шабыт" би тобы, "Домбыра дастан", "Жас талант" үйірмесі шәкірттерінің өнерлеріне көрермендер тәнті бол
ды.