Жаңалықтар мен оқиғалар
ТАЛДЫСАЙДА КЛУБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ЖЫЛЖЫМАЛЫ СЕМИНАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ

2018 жылғы 7 желтоқсанда Қобда ауданы Талдысай ауылдық клубында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Қобда аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық Мəдениет үйі клуб қызметкерлерінің облыстық жылжымалы семинарын өткізді.
Мақсаты - қазіргі заман талабына сай клуб жұмыстарының дәстүрлі және инновациялық түрлері мен технологиясын меңгеру, оларды кеңінен пайдалану, халық шығармашылығын дамыту, ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту мен мәдениет мекемелерінің шығармашылық, ұйымдастырушылық жұмыстарын және кәсіби біліктілігін көтеру мәселелерін талқылау. Семнардың жұмысына облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары З.Бимағамбетова, бөлім меңгерушісі А.Губайдулина, Қобда аудандық мәдениет үйінің директоры А.Құдайбергенова, әдіскерлері мен ауылдық клуб меңгерушілері қатысты. Барлығы – 30 адам.
Жылжымалы семинардың бірінші бөлігінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Батырлар рухы» аудандық әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Бірінші орынды жиренқопалық Еламан Смағұлов иеленді.
Облыстық семинардың екінші бөлігінде қатысушыларға практикалық-әдістемелік көмек көрсетіліп, пікір алмасылды.