Жаңалықтар мен оқиғалар
«Туған жерім-нұрлы елім»: Алға ауданының күндері

2018 жылғы 10-11 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында ҚР Елордасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Туған жерім — нұрлы елім!» акция аясында Алға ауданының күндері КСРО ғарышкер-ұшқышы, Кеңес Одағының Батыры В.Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Аталған рәсімге Ақтөбе қаласының əкімі І.Испанов, Алға ауданының əкімі Н.Алдияров, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, облыстық жəне қалалық мәслихат депутаттары, жастар мен ақтөбеліктер қатысып, гүл шоқтарын қойып, балалар өлең жолдарын арнады.
Облыс орталығындағы Алға ауданының күндері облыстық қарттар мен мүгедектер интернат-үйінде «Қарттарым, аман-сау жүрші!.." қайырымдылық акциясымен жалғасты. Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров барлық ізгі сөздер мен ниеттерін үлкен өмір жолын өткен адамдарға арнады. Шара барысында интернат-үйіндегі 226 аға ұрпақтарға Тамды орта мектебі оқушыларының өз қолдарымен жазған жылы лебіздерге толы хаттары табысталды. Мерекелік көңіл-күй Тамды ауылдық клубының «Веселушки», «Асыл әжелер» шығармашыдық ұжымдары мен «Достар» квартетінің өнеріне ұласып, ас берілді.
Астананың жиырма жылдық мерейтойы күні С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын Ізтай Мәмбетовтың 90 жылдық мерейтойына арналған жасөспірімдер арасында облыстық "Ізтай оқулары-2018" байқауымен жалғасты. Облыстың қала, аудандарынан келген қатысушылар Ізтай шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасты. Сайысқа қатысушылардың барлығы дипломмен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан кейін аудандық мәдениет үйінің "Заманай" халықтық театры Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында жұртшылық назарына Роза Мұқанова шығармасының негізінде «Мәңгілік бала бейне» қойылымын ұсынды. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасындағы ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі арқылы сипатталған қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңы көрермендердің көңілін бей-жай қалдырмады. Режиссеры – М.Нұғыманов.
Алға ауданының бірінші күні - студенттер сарайында аудан әкімінің кубогіне арналған «Жайдарман» ойынымен қызықты аяқталды. Ойынды "Қазақстан КВН одағының» президенті Есен Елеукен жүргізді. Алға аудан әкімінің жүлдесі тігілген ойынға Ақтөбе облысы мен Қостанайдан қатысқан 11 команда үлкен дайындықпен келген. Ойын қорытындысында Бас жүлде мен Алға ауданы әкімінің кубогіне "Сөз жоқ" командасы ие болды.
ҚР Елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Туған жерім-Нұрлы елім» кең көлемді акциясы аясында Ақтөбеде Алға ауданының екінші күні "Табыс» коммуналдық базарында басталып, алғалықтар ет-сүт жəне бау-бақша өнімдерін сатылымға шығарды. Алғалық кәсіпкерлер әкелген өнімдердің бағалары қалалықтарға қолайлы болды. Сондықтан да ақтөбеліктер ертеңнен келіп, əсіресе, көкөніс өнімдерін кезекке тұрып алып жатты.
Сол күні шығармашылық академиясы алаңынан велошеру бастау алды. Велошеруге Ақтөбе қаласының əкімі І.Испанов, Алға ауданының əкімі Н.Алдияров, спортсмендер мен қала тұрғындары қатысты. Жалпы қашықтық 7 км. Жарыс соңында веложарысқа қатысушылар арасында лоторея ойнатылды. Жеңімпазға басты ұтыс қоры – велосипед тарту етілді.
Аудан күндеріне арналған шаралардың дені ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық демалыс саябағында ұйымдастырылды. Саябақ алаңында Алға ауданының күні: таэквондо мен стритболдан спорттық жарыстар, "Бақытты бала" жобасына арналған "Бар мейірім балаларға" концерттер жəне қызықты ауданның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін көрмелерге толы болды.
Әрі қарай саябақтың бас сахнасында "Атыңнан айналайын, Алға деген" мерекелік гала-концертін құрметті жерлес қонақтар, ақтөбеліктер тамашалады.