Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Дәуірдің дара тұлғасы» облыстық жас ақындар айтысы

  «Дәуірдің дара тұлғасы» облыстық жас ақындар айтысы
          2018 жылғы 30 қараша күні облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Дәуірдің дара тұлғасы» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді.
          Аталмыш айтысқа облыстық халық шығармашылығы орталығының жас айтыскерлер мектебінің мүшелері қатысты. Олардың арасында жас ақындар арасындағы республикалық айтыстардың жеңімпзадары Нұрбол Жауынбаев, Айболат Көшкінбай, сондай-ақ басқа да облысымызға танылып келе жатқан жігіттер мен қыздар өздерінің бақтарын сынады.
          Айтысты белгілі ақын, облыстық халық шығармашылығы орталығының жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі Оралбай Кометия жүргізді.
          Ал қазылар алқасына айтыс ақындары және жыршы-термешілердің халықаралық Одағының мүшесі Марат Ахметов төрағалық етті. Оның құрамында Республикалық  айтыстардың жүлдегері Жәнібек Бейбітов пен Жақсылық Әлихан болды.
Айтысты облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Замзагүл Бимағанбетова ашып, сәттілік тіледі.
          Айтсытың Бас жүлдесін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ 2 курс студенті Тұрсын Шынарбек жеңіп алды.
Бірінші және екінші орын С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттері Злиқа Наурызалина мен Наурызбек Әбілқасымға, ал үшінші орын Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті Әшір Ұлжанға бұйырды.
Барлық қатысушыға арнайы дипломдар пен сыйлықтар табыс етілді.