Жаңалықтар мен оқиғалар
"Шырқа, гитара" Республикалық байқауы өз мәресіне жетті

2018 жылғы 28 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының концерт залында Облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық мəдениет, архивтер жəне құжатама басқармасының қолдауымен "Шырқа, гитара" гитарамен ән және аспапта орындаушылар Республикалық байқауын өткізді.
Байқауға алты ішекті аспапты арқалап еліміздің Атырау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 20 гитара шеберлері қатысты.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова бастаған қазылар алқасының құрамы: облыстық халық шығармашылығы орталығының «Інжу» халықтық вокал тобының жетекшісі Наталья Фоменко және Орталықтың көркемдік жетекшісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жеңісбек Қалқабеков, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Зейнелов, «Ақтөбе» вокалдық-аспаптық ансамблінің жетекшісі Надырғали Ниязов бағалады.
Байқауда классикалық шығармалар ғана емес, халық әндері мен авторлық әндер де орындалды.
Шырқа, гитара" Республикалық байқауының жеңімпаздары:
1 орын – Едіров Қадырболат (БҚО),
2 орын - Бекболат Берік және Жанбырбаев Қуан (Ақтөбе облысы),
3 орын - дуэт Сахиева Жұлдыз бен Джамиев Жалғас (Ақтөбе қ.), Жорақұлов Аңсар (Түркістан облысы), Сегізбаев Ермахан және Нарғұлан Оспанов (Жамбыл облысы).
Қатысушалыр жанды дауыста гитарамен ән салып, аспапта ойнап, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге мереке сыйлады.