Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

КҮЗГІ ӘУЕНДЕР

КҮЗГІ ӘУЕНДЕР
          2018 жылғы 21 қараша күні облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымдары мен орындаушылары көрермендерге «Күзгі әуендер» музыкалық вернисажын ұсынды.
          Көрермендердің алдында ҚР мәдениет қайраткері, композитор Бақтығали Жұмалин жетекшілік ететін халықтық «Жазира» триосы, дәстүрлі әнші Құралай Әленова, «Өркен» балалар тобы, Бағдат Балмағамбетова, Ақторғын Ноғаева, Нұргүл Рамазанова өнер көрсетті.
          Мерекелік кеште шығармашылық ұжымдар көрермендерге 15-тен астам ең үздік номерлерін орындады.
Кеште Н.Тілендиев, Б.Жұмалин, Г.Таукенованың шығармалары орындалды.
          Сонымен бірге, кештің арнайы қонақтары – Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Манзура Сапарова мен Арман Төлесінов Б.Жұмалинның «Ару қалам – Астана» әнін шырқады.
          Жанды дауыстағы шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың өнері патша көңілді көрерменнің көңіліне әсем күй сыйлағаны сөзсіз.