Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАНДЕМ

2018 жылғы 16 қараша күні Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Рухнама» шығармашылық орталығының бірлескен жобасы – «Жас қанатты қаған» ақындардың ауыспалы кубогінің байқауы кітапхананың оқу залында өтті.
Алғашқы «Жас қанатты қаған» ауыспалы Кубогын Сымбат Арынова иеленді. Кубокты Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, облыстық «Ақтөбе» газетінің редакторы Бауыржан Бабажанұлы табыстады. Ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызының «Рухнама» шығармашылық орталығына сәттілік тілейміз.
Гүлімай бір өлеңінде былай деп жырлайды:
«…Толқыса көңілім
Төңірек тегіс райланып,
Жадырап өңім,
Жаныма жалау байланып.
Дөңгелей берем,
Дөңгелей берем дамылсыз,
Табанымда жер,
Төбемде аспан айналып…» —
деген жыр жолдарындағыдай екі Орталықтың шығармашылық байланысы алдағы уақытта да жалғаса бермек.