Жаңалықтар мен оқиғалар
МӘРТӨК АУДАНЫНДА КЛУБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ЖЫЛЖЫМАЛЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2018 жылғы 16 қараша күні Мәртөк ауданы Қаратаусай ауылдық клубында Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен аудандық Мәдениет үйінің бірлескен "Клубтық мекемелер жұмысын ұйымдастырудағы жаңа талаптар» атты облыстық жылжымалы семинары өтті.
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен шараның мақсаты - қазіргі заман талабына сай клуб жұмыстарында жаңа инновацияның қолданылуы, оларды кеңінен пайдалану, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, кәсіби біліктілігін көтеру, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысына бағыт-бағдар беру мен өзара тәжірибе алмасу.
Шараның жұмысын Қарашай ауылдық округінің əкімі Нұргүл Оспанова ашты.Семнардың жұмысына облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары З.Бимағамбетова, Мәртөк аудандық мәдениет үйінің директоры Д.Есенгалиева, әдіскерлері мен ауылдық клуб меңгерушілері қатысты. Барлығы – 30 адам.
Жылжымалы семинардың бірінші бөлігінің бағдарламасында: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын клубтық мекемелерде жүзеге асыру барысы туралы» - облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары З.Бимағамбетова, «Клубтық мекемедегі мәдени шара сценарийі және клуб қызметінде жүргізуге қажетті негізгі іс-қағаздар туралы» - мониторинг және әдістемелік бөлімше жетекшісі Алтынгүл Губайдулина, «Клуб қызметін, мәдени шараларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттандыру және насихаттау туралы» - мониторинг және әдістемелік бөлімшесінің редакторы Гүлнара Сейталина айтып шықты.
Семинар барысында «Көше мерекесі» және «Клубтардағы іс-қағаздар мен безендіру жұмыстары туралы» Қарғалы ауданы Петропавл ауылдық клубының, Байғанин аудандық мәдениет үйі мен Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің озық тәжірибелерінен видео көрсетілді.
Облыстық семинардың екінші бөлігінде: Қаратаусай ауылдық клубының шығармашылық би ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Семинардың соңында сұрақтар қойылып, ой-пікірлер айтылды.