Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

МҰҒАЛЖАРДА «АЙНАЛАЙЫН» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

МҰҒАЛЖАРДА «АЙНАЛАЙЫН» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
          Ақтөбе облысындағы «Бақытты бала» жобасы аясында жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, олардың өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, талантты балаларды анықтау, талабын ұштау, келешек ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде “Айналайын-2018” балалар шығармашылық байқауын өткізу жыл сайын дәстүрге айналып отыр.
          Аудандық “Айналайын-2018” балалар байқауына 7 - 15 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты.
          Байқауға қатысушылар өз өнерлерін үш жанр бойынша көрсете білді. Олар: дәстүрлі жанр, вокал және хореография.              Өнерпаз балалар түрлі дәрежедегі лауреат және дипломант атанды.