Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ХРОМТАУДА ӘУЕСҚОЙ ТЕАТРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ХРОМТАУДА ӘУЕСҚОЙ ТЕАТРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
          2018 жылғы 9 қараша күні Хромтау аудандық мәдениет үйі Тау-кен техникалық колледжінің акт залында «Театр әлемі - ауылда» атты әуесқой театрлар ұжымдарының байқауын өткізді. Биылғы байқау Астана қаласының 20 жылдығына арналды. 
          Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпақты отандық драматургияның ең үздік үлгілерімен таныстыру, әуесқой театр өнерін дамыту, тәжірибе алмасу.
          Шараның шымылдығы Хромтау аудандық мәдениет үйінің және Қорайлы мәдениет үйінің жанынан құрылған «Аll art» театр үйірмесінің арнайы даярлаған А.Чеховтың «Қаранғылық» қойылымымен ашылды.
          Байқауға қатысқан әуесқой театр ұжымдары өз репертуарларындағы спектакльдерді сахналау арқылы сыналды. Атап айтсақ, Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театры Н.Жұбатқанның «Әскердегі бір күн» интермедиясын, Ақжар ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театры «Жақсы істе жарысайық» қойылымын, Қопа ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театры «Мейірімді қыз» спектаклін, Тасөткел ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театры Е.Домбаевтың «Біздің ауылда қызықтар бола береді» қойылымын, Тассай ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театры Ш.Айтматовтың «Ғасырдан ұзақ күн» және Никельтау ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театры «Өмір дария айтылған сөздің қайтарымы бар» қойылымдарын сахналады.
         Қазылар алқасының шешімімен I орын Қопа ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театрына берілді. «Ең жас орындаушы» номинациясын Никельтау ауылынан Мейрамбек Арыстанбеков, «Ең үздік әйел адам бейнесі» атағын Тассай ауылдық округінен Назгүл Сайманова, «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын Ақжар ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Аманбек Дарханұлы және «Ең үздік сценография» номинациясын Никельтау ауылдық мәдениет үйінің әуесқой театры алды.