Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚОБДАДА «АНА ТІЛІ АРУЫ-2018» АНЫҚТАЛДЫ

ҚОБДАДА «АНА ТІЛІ АРУЫ-2018» АНЫҚТАЛДЫ
          Қобда аудандық мәдениет үйі аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Ана тілі аруы-2018» байқауын өткізді.
          Мақсаты - ата-бабамыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген асыл қазынасы – туған тілімізді дәріптеу, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау.
          Байқауға шешендік өнерді меңгерген, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бойына сіңіріп өскен ауданның 7 аруы қатысты. Арулар өзін таныстыру, интеллектуалды өресі, өнері сынды 5 номинацияда бақ сынады.
          Қорытындысы бойынша аудандық орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Арайлым Алшынбекова «Ана тілі аруы-2018» атағына ие болды.