Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Туған жерім-нұрлы елім»: Ырғыз ауданының күндері

«Туған жерім-нұрлы елім»: Ырғыз ауданының күндері
24-25 тамыз аралығында облыс орталығында «Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған Ырғыз ауданының күндері өтті.
Ырғыз ауданының күндері мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтың атындағы №64 орта мектептің алдындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында елімізге еңбек еткен азаматтарды ұмытпай, қадірлеуіміз қажет екенін жазған болатын. Ендеше, алдыңғы толқынның есімін, Ұзақбай Құлымбетов сынды бабаларымыздың мұрасын сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің басты парызымыз.
Ақтөбедегі «Туған жерім-нұрлы елім» акциясы аясында Ырғыз ауданының күндері облыстық «Руханият» музейінде «Алаштың Ырғыздағы алыптары» танымдық шарасымен жалғасты. Танымдық шараға қатысушылар Ырғыз топырағынан шыққан белгілі алаштың ардақты азаматтары Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Тел Жаманмұрынов, Бәймен Алманов, Телжан Шонановтың мұрасын сақтау, насихаттау, бүгінгі және келер ұрпақтардың парызы екендігіне тоқталып өтті.
Ырғыз ауданының бірінші күнін көрермендер облыстық «Алақай» қуыршақ театрында "халықтық" театр актерлерінің Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасын тамашалаумен аяқталды. Режиссері – Ратбек Бердалиев.
Ауданның облыс орталығындағы екінші күні «Табыс» коммуналдық базарындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен басталды. Жұртшылық назарына Ырғыз ауданының қожалықтары өз өнімдерін тиімді бағамен ұсынды. Жәрмеңкеде мерекелік бағдарлама да ұйымдастырылып, Ақтөбе тұрғындары мен қонақтарына Ырғыз ауданының өнерпаздары концерт қойды.
Бала жылына орай облыстық Қазақ зағиптар қоғамында балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Ырғыздықтар балаларға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, қолдау көрсетті. Акцияда Ырғыз ауданының әкімі М.Елеусізов балалардың оқу-құралына және Қазақ зағиптар қоғамына қаржылай көмек көрсетіп, сертификаттар табыстады.  
Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында жалғасын тапқан мерекеге халық көп жиналды.  Мәдени шараны облыс әкімі Б.Сапарбаев тамашалады. Саябақтың бас сахнасындағы концертті тамашалаудан бөлек, тұрғындар ауданның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін түрлі көрмелермен де таныса алды.