Жаңалықтар мен оқиғалар
САЗДЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Астана ауданының Сазды мәдениет үйі мектеп оқушыларының күзгі демалыс уақытын тиімді өткізу және Мәдениет үйінің 10 жылдық мерейтойына орай 10-13 жас аралығындағы қыз балалар арасында "Күз ханшайымы" байқауын өткізді. Қатысушылар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды.
Байқау таныстыру, өнер, күзгі сән үлгісі тәрізді кезеңдер бойынша өткізілді. Қыз балалардың киім үлгілері, әртістік қабілеті, көрсеткен өнерлері бір-бірінен кем түспеді.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Фатима Мейрамова, І орынды Аймира Успанова, ІІ орын Назым Балғабек, ІІІ орын Құндыз Әлібекованың еншісіне тиді. "Өнерлі ару" номинациясы - Айзада Қоджан, "Көрікті ару» номинациясымен Айдана Алдиярова марапатталды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.