Жаңалықтар мен оқиғалар
БӨГЕТСАЙДА ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛЬДЕР КОНЦЕРТІ ӨТТІ

31 қазан күні Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы мәртебесін арттырып, салауатты өмір салтын, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ұлттық өнерге баулу, дәріптеу мақсатында Хромтау аудандық отбасылық ансамбльдерінің «Өнерім - өрісім» концерті өтті.
Концерт алдында ауылдық мәдениет үйінде 11 жылдан астам күзетші қызметін атқарып, зейнет жасына жеткен Сара Мешіталиқызы Баймуханованы аудандық мәдениет үйі әдіскерлік бөлімінің меңгерушісі Жанар Қазбаева, Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин және ауылдық кітапхана қызметкерлері құттықтап, Алғыс хаттар мен сыйлықтарын табыс етіп, кеш қонағы жас әнші, облыстық байқаулардың жеңімпазы Әшім Әліби «Мама» әнін тарту етті.
Одан әрі концертті Бөгетсай ауылдық округі әкімінің м.а. Ұлан Жаналин құттықтау сөзімен ашты. Мерекелік концертте Төлегеновтер, Қазбаевтар, Сауановтар, Мырзахметовтер отбасылық ансамбльдері өнер көрсетіп, ауыл тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады. Өнерлі ұжымдар облыстық, аймақтық отбасылық ансамбльдер фестивальдарының тұрақты қатысушылары. Отбасы беделін арттыру, неке және отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған мәдени шара көпшіліктің көңілінен шықты. Әдемі кеш естелік суретке түсумен аяқталды.