Жаңалықтар мен оқиғалар
"ҚАЗАҚСТАН РАУШАН ГҮЛІ" V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕЛЕРІ АҚТӨБЕДЕ ҚАЛДЫ

Ақтөбедегі Өнер орталығында 27-29 қазан аралығында өткен "Қазақстан раушан гүлі" V халықаралық хореографиялық байқауының Гала-концерті мен марапаттау салтанаты қатысушы кәсіби жəне әуесқой би ұжымдарының өнерімен əсем аяқталды.
Халықаралық байқау Ақтөбе облысы әкімдігінің және Қазақстан, Болгария, Ресей елдерінің дипломатиялық елшіліктерінің, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті.
"Қазақстан раушан гүлі" Халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауы - Қазақстан, Ресей, Болгария елдерінің жобасы. 2013 жылы Болгария елінен бастау алған өнер додасы биыл осымен бесінші рет ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласында өтті. Байқау 2015 жылдан бері Астана мен Ресей елінің қалаларында өткізіліп келеді.
Сайыстың негізгі мақсаты – би өнерін дәріптеп, халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты дамыту, жастардың қабілетін шыңдау, жас дарындарды анықтау.
Талантты би ұжымдары жас ерекшеліктеріне қарай «классикалық», «заманауи», «шығыс», «халық билері» т.б. аталымдар бойынша сайысқа түсті. Бишілерге көпті талантымен тамсандырған би майталмандары мен хореографиялық білім берудің көрнекті қайраткерлері қазылық етті.
Оған Қазақстан мен Ресейдің 25 ұжымынан 500-ден астам биші қатысты. Жалпы бишілер жас ерекшеліктеріне қарай кіші, орта және үлкен жастағы топ болып сайысты. Нәтижесінде, қатысушы би ұжымдары әр аталымдар бойынша лауреат атанып, оларға дипломдар берілді.
Байқау қорытындысы бойынша ақтөбелік екі би ұжымы жеңіске жетті: Үлкен Бас жүлдені "Талисман" үлгілі би жəне музыка театры иеленсе (жетекшісі - Динара Сагирова), ал Кіші Бас жүлдені "Самрұқ" эстрадалық балет би ұжымы жеңіп алды (жетекшісі- Лəззат Мухамедалина).
Бұл шын мәнінде би әлемінің құдыретін паш еткен керемет өнер кеші болғаны даусыз.