Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ОЙЫЛДА АЙМАҚТЫҚ «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ФОРУМЫ ЖӘНЕ «АҚ ӘЖЕ» ХАЛЫҚТЫҚ АНСАМБЛІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ

ОЙЫЛДА АЙМАҚТЫҚ «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ФОРУМЫ ЖӘНЕ «АҚ ӘЖЕ» ХАЛЫҚТЫҚ АНСАМБЛІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ
          26 қазан күні Ойыл ауданы алғашқы болып Аймақтық «Анаға тағзым» форумын өткізді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан арнайы делегаттар қатысты. Форум барысында түрлі кездесулер, қолөнер шеберлерінің көрмесі, шеберлік сағаттары, мерекелік концерт т.б. маңызды шаралар өткізілді.
         Шара Ойыл аудандық мәдениет үйінің залындағы «Ұрпаққа мұра - ұлттық қазына» атты қолөнер шеберлерінің көрмесімен танысудан басталып, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясында музыка мектебінің ұжымдары және Ойыл аудандық орталық кітапханасының бірлесуімен «Әлемді тербеткен ана» кездесу кешімен жалғасын тапты. Кездесуге мәдениет және өнер қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері шақырылды. Шараға облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Л.Е.Омарова қатысып, отбасы құндылықтары, қоғамдағы әйелдердің әлеуметтік рөлі мен мәртебесін арттыру төңірегіне тоқталып өтті.
         Аймақтық форум Ойыл аудандық мәдениет үйінің «Ақ әже» халықтық ансамблінің 10 жылдығына арналған «Ақ әжелер әуені» мерекелік концертіне ұласты. Осыдан он жыл бұрын құрылған «Ақ әже» халықтық ансамблінің ауданның мәдени өмірінде алатын орны ерекше. Осы жылдар ішінде құрамында 10-нан астам ақжаулықты әже бар ұжым халықтық, дәстүрлі ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, салт-дәстүріміздің кең қанат жаюына үлес қосып келеді. Ансамбль репертуарында халық әндерінен бастап қазіргі қазақ композиторларының әуезді әндері топтасқан. Араларында көп шырқала бермейтін туындылар да бар. Ойылдық «Ақ әже» халықтық ансамблін 10 жылдық мерейтойымен құттықтауға қонақтар мен шығармашылық ұжымдар келді. Атап айтсақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданынан, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан, біздің облыстың Байғанин, Темір, Қобда және Ақтөбе қалалық «Геолог» мәдениет үйінің «Асыл әжелер» халықтық ансамблі.
          Концертте Ойыл ауданының әкімі Д.Ж.Сағыров өмірлерін әнмен өрнектеп жүрген әнші әжелерді құттықтап, арнайы Алғыс хат және 1 миллион теңге сертификатын табыс етті.