Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«АРДАГЕРЛЕР – ЕЛ МЕРЕЙ»: БАЙҒАНИНДЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР – ЕЛ МЕРЕЙ»: БАЙҒАНИНДЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
          Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деп атап көрсеткен болатын.
          Осы орайда, 27 қазан күні Байғанин аудандық мәдениет үйі ұзақ жылдар қажырлы еңбегін халықтың игілігіне арнаған адамдардың есімдерін атап, атқарған істерін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Ардагерлер – ел мерейі» кздесу кешін ұйымдастырды.
           Шараға әр салада жемісті еңбек еткен еңбек ардагерлері: 40 жылдан астам уақытын ұстаздық жолға арнаған – Батима Мұңайтпасова, еңбек ардагері, ұлттық музыка аспаптарын жасаушылар арасындағы республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері – Құтым Қасенов, теміржол бойында еңбек еткен, бүгінде ұрпақтары ата дәстүрін бұзбай келе жатқан, ардақты теміржолшы – Абыл Көрпебаев т.б. қатысты. Осы тұлғалардың ерен еңбектері – бүгінгі жас ұрпаққа үлгі.
          Еңбек ардагерлері өздерінің өмірі мен еңбек жолдары жайында жастарға тартымды әңгімелеп, қойылған түрлі сауалдарға қызықты жауаптар қайтарып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатындарына тоқталып өтті.                 Аға-буын өкілдерінің күні бүгінге дейін абыройлы істері мен еңбекқорлықтарының арқасында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, өнеге болып отыр. Солар салған жолмен жүру бүгінгі ұрпақтың міндеті.