Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ "БАЛА ЖЫЛЫ" АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ "БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ "БАЛА ЖЫЛЫ" АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ "БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.
          Eлбасының «Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысында 2018 жыл Бала жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай, бүгін, 19 қазан күні облыс орталығындағы "Жекпе-жек" сарайында "Біз бақытты баламыз!" мерекелік шарасы өтті.
          Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған жобаның арқасында жыл бойы балалардың сапалы білім, тәрбие мен демалып, тынығуы үшін барлық жағдай жасалуда. Жоба барысында ІТ класстары, спорт–ойын алаңдары ашылып, жетім балалар қоныс тойын тойлап, оқушылар еліміздің демалыс–сауықтыру лагерьлеріне барып, тынықты.
          Сегіз бағытта жүзеге асырылған "Бақытты бала" жобасы жас ұрпақтың дамуы үшін барлық жағдайды жасауға бағытталған бірегей жоба.