Жаңалықтар мен оқиғалар
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАҒЛАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ «СЕЗІМ СЫРЫ»

Қоғамда біреудің көмегіне зәру жандарға құрметтің қай түрі де артық етпейді.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Осы атаулы күнге орай, 19 қазан күні облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының залында Облыстық халық шығармашылығы орталығы Мүгедектер күніне арналған «Сезім сыры» концертін өткізді.
Шараға зағип және нашар көретін азаматтар, Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының өкілдері қатысты.Көрермендерге Орталықтың шығармашылық ұжымдары мен әншілері ең үздік номерлерін ұсынды.
Мерекелік концертті термеші Құралай Әленова Ш.Сүлейменовтың «Ассалаумағалейкум» әнімен ашып, дәстүрлі әнші Қоянбай Тобағабылов, «Жазира» триосы, Нұргүл Жұмағұлова, Нұргүл Рамазанова, «Фрески» үлгілі би ұжымы әсем билерімен жалғастырды.
Әншілердің жанды дауыстағы өнері, халықтың әуезді әуендері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қиындыққа мойымаған мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау, көңіл-күй сыйлау, олардың қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне қатысты шараларды жүзеге асыру баршамыздың парызымыз.