Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«АДАЛ ЖОЛ-ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БӨГЕТСАЙДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АДАЛ ЖОЛ-ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БӨГЕТСАЙДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
          Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы «Адал жол-Честный путь» Республикалық акциясы аясында  «Жемқорлыққа жол жоқ» дөңгелек үстелі өтті.   
          Мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және оның кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» көзқарасын қалыптастыру.
          Шараға Бөгетсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Түйтенов Ғалымжан, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сәндір Каленов, «Ақ-нұр» мешітінің имамы Берік Жаншин, зейнеткер-ұстаз Дүзбай Андашев Құрманалыұлы, ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанаберген Токин қатысып, сыбайлас жемқорлық елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіріп, қай салада болмасын, дамуын тежейтінін жеткізді.