Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕГІ ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ТӘМАМДАЛДЫ

ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған Хромтау ауданының күндері Ақтөбеде 2018 жылғы 12-13 қазан аралығында өтті. Екі күн бойы облыс орталығында хромтаулықтар түрлі іс-шараларды өткізді.
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында аудандық халық театрының ұжымы ҚР Мәдениет қайртакері Нұрлыбек Жұбатқанның «Командос» атты сатиралық қойылымын қойды. Реж. - А.Əлимұхан. Қойылымның басты тақырыбы — қоғамда орын алған бүгінгі мәселелердің бірі жемқорлық туралы. Қойылым жас ұрпаққа, көрерменге ой салып, осы бір қоғам дертінен аулақ болуға шақырады. Барлық артистер өз рольдерін тамаша ойнап, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Ақтөбедегі Хромтау ауданының күндері Тұңғыш Президент атындағы саябақта гала-концертпен аяқталды. Хромтау өнімдері: ауданның инвестициялық және өндірістік әлеуетін, тарихы мен көне жәдігерін, ілімін көрсететін бірден-бір шара ол көрме.
Саябақ алаңында ауданның тауарөндірушілерінің көрмесі кеңінен ұйымдастырылды. Көрменің жұмысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев танысып, барша келушілерге алғыс білдірді.
Хромтау ауданында бірнеше ірі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың қатарында «Қазхром» ТҰК» АҚ-қа қарасты хром концентратын шығаратын Дөң кен байыту комбинаты, «Восход» кәсіпорындар тобы, «Хромтау кірпіш зауыты» ЖШС т.б. бар.
Ауданның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін, қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар мен тарихи фотосуреттері, ауданның кітапханалар қорының және музейінің жәдігерлерімен толыққан көрмелер де жұртшылық назарына ұсынылды. Хромтау өңірі тарихи-мәдени ескерткіштерге толы аудан екенін атап өткен жөн.
Көрмеде ауданның әсем табиғат көріністері мен кескіндемелік жұмыстар, қазба байлықтарының үлгілері қойылған.
«Бақытты бала» жобасы аясында түрлі спорттық ойындар және «Жасай бер, Хромтауым, құт мекенім!» гала-концерті Ақтөбе аспанын сазды әуенге бөледі.
Мерекелік концертте халықтық «Калинушка» және «Замандастар» хоры, Сейсен мен Айнагүл Айтжановтар, халықтық «Алтын дән» би ансамблі, «Хромату жастары» тобы және қонақтар өнер көрсетті. Думанды кешті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.