Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖОСАЛЫ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ.

Қарғалы ауданының Жосалы ауылдық клубында тағдыр тауқыметін тартса да мойымаған жандардың мерекесіне арналған концерт өтті. Ауылдық клубтың өнерпаздары мен тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жандардың құрметіне дастархан жайып, жылы сөздерін арнап, əннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.