Жаңалықтар мен оқиғалар
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ 160 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ «ДАНА СӨЗДІҢ ДАРАСЫ»

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Ш.Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына арналған «Дана сөздің дарасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Аталмыш шараға Бөгетсай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Асылжан Мақсотов ақынның 160 жылдығымен құттықтап, ғұламаның «Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы» атты өлеңімен қорытындылады. Кеш жүргізушісі Гүлнұр Ракымжанова ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, толық мағлұмат айтты. Шарада ауыл тұрғыны, зейнеткер ұстаз Дүзбай Андашев, «Ақ-нұр» мешітінің имамы Берік Жаншин және мәдениет үйінің директоры Токин Жанаберген сөз алып, ақынның айтып кеткен терең ойлы сөздері бүгінгі ұрпаққа өнегесі мол мұра екендігіне тоқталды. Кеште Бөгетсай мектеп-гимназиясының 6-7 сынып оқушылары Еркеназ Аймағанбетова, Томирис Мұқашева, Әсемай Разақбергенова, Сәнида Әлібекқызы ақынның «Өмір», «Қазақ», «Ақындарға», «Алты әңгіме» өлеңдерін оқып, жас өнерпаз Асылай Төлебай «Менің өлкем» әнін шырқады.
Кітапханашы Гүлжазира Абдолова көрермендерге ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, кітап көрмесіне шолу жасады.
Кеш соңында Мәдина Бекетова мен Гүлназ Демесіннің орындауында Ш.Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек» әні шырқалып, естелік суретке түсумен аяқталды.