Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ҚҰТТЫ МЕКЕН АҚТӨБЕНІ ӘН МЕН ЖЫРҒЫ БӨЛЕДІ

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ҚҰТТЫ МЕКЕН АҚТӨБЕНІ ӘН МЕН ЖЫРҒЫ БӨЛЕДІ
          2018 жылғы 5-6 қазан күндері облыс орталығында Мұғалжар ауданы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына және Ақтөбе облысындағы Бала жылына арналған көптеген игі шараларды өткізді. 
          Мұғалжар ауданы күндерінің алғашқы қадамы «Таза өлке» экологиялық акциясынан бастау алды. Мұғалжарлық жастар қаладағы Ғазиза Жұбанова атындағы көшенің бойын тазартып, абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Одан соң «Жұбановатр әлемі» мәдени орталығында қазақ музыкасының әкелі-балалы айтулы тұлғалары Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбановалардың шығармаларына арналған «Саз әлемінің сардары» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Талап бойынша өнерпаздар «аспаптық» және «вокал» жанрлары бойынша Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбановалардың шығармаларын орындады.
          Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Мәдениет үйінің «халықтық» театрының ұжымы ақтөбелік көрермендер мен қала қонақтарына жерлес ақын Жұбаныш Көшербаевтың «Ойраны шыққан отбасы» қойылымын қойды. Режиссері – А.Мусина. «Ойраны шыққан отбасы» қойылымы - жат пиғылды ағымдардың қасиетті Ислам атын жамылып, жастарды арбау жолымен олардың сана–сезіміне теріс ықпал етіп, таза имандылық жолынан адастырып, кері ағымдарға еріп, сан соғып қалған адамдардың қателері өзгелерге сабақ болуға, қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруға шақырады.
Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің «халықтық» театры 2000 жылы құрылды. 2003 жылы театр ұжымы «халықтық» атағын қорғады. Бүгінде аудандық халықтық театрының репертуары бірнеше спектакльдермен толықты. Өнер ұжымы «Театр - өнердің ұлы көші» аймақтық және облыстық фестивальдерінің жүлдегері. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында театр ұжымы «Ойраны шыққан отбасы» қойылымымен облыстың аудандарын аралап шықты.
          Қаладағы ретро саябағында "Жасын" халықтық вокалды аспаптық ансамблінің "Сағындырған әндер-ай" концерті өтті. Ансамбльдің жетекшісі, белгілі музыкант – Нұрланбек Бүркіт. Шара барысында "Жасын" вокалды аспаптық ансамблінің әншілері авторлық «Ақтөбем» әндерімен қатар 80-90 жылдардағы ретро əндерді нақышына келтіре орындады. Көрермендер күннің салқындығына қарамастан сүйікті әндеріне қосылып, көңіл көтеріп, өнерпаздарды ыстық ықыласына бөледі.
           6 қазан күгі Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен «Мұғалжар - туған байтағым" Гала-концерті театрландырылған-хореографиялық композициясынан бастау алып, А.Жұбанов атындағы "халықтық" ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы А.Жұбановтың "Би күйімен", балалар өнерімен, ауданның шығармашылық ұжымдары мен жерлес және қазақ эстрадасы жұлдыздарының орындауындағы әндермен жалғасын тапты. 
          Концертке белгілі опера әншісі Ләззат Бірімғазина, танымал композитор Бейбіт Оралұлы, Ақжанат Сембаева, кеш қонағы - Ерке Есмахан, Аймұрат Мәжікбаев, Халықаралық "Бақытты бала" байқауының 1-ші орын иегері Мейіржан Жидехан, Рита мен Дулат Айтжановтар, Бағдат Балмағамбетова және халықтық «Триумф», «Алтынзер», «Арабески» би топтары қатысты. Ауа-райының салқындығына қарамастан мұнайлы аудан өнерпаздарының өнерін тамашалауға Тұңғыш Президент атындағы саябаққа көрермендер көп жиналды.