Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ақтөбеде Отбасы күніне арналған мәдениет және өнер мекемелеріндегі қызмеркерлер арасында «Менің отбасым – менің байлығым» отбасылық байқауы өтті

Ақтөбеде Отбасы күніне арналған мәдениет және өнер мекемелеріндегі қызмеркерлер арасында «Менің отбасым – менің байлығым» отбасылық байқауы өтті
2018 жылғы 16 қыркүйек күні Тұңғыш Президент атындағы орталық саябағында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық мәдениет, архиветр және құжаттама басқармаының қолдауымен Отбасы күніне арналған мәдениет және өнер мекемелеріндегі қызмеркерлер арасында «Менің отбасым – менің байлығым» отбасылық байқауын өткізді.
Мақсаты - отбасы құндылықтарын нығайту, отбасы болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының қоғамдағы алатын орнын және ата-ананың бала тәрбиесіне деген көз қарасын қалыптастыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік  сезім қалыптастыру.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Туған үйдің жылуы оның көкірегінде сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. 

Отбасылық байқауға қаладағы мәдениет және өнер мекемелерінен 6 отбасы қатысты:
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрынан Кемалбаевтар отбасы,
Облыстық халық шығармашылығы орталығынан Кометиялар отбасы,
С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасынан Тілеулесовтер отабсы,
Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филармониясынан – Күзембаевтар отабсы,
Облыстық Планетарийден – Есімгүжиевтер отабсы,
Сазды қалалық мәдениет үйінен – Ниязбековтер отбасы.

Өнер мерекесін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева бастаған қазылар алқасы бағалады.
Байқау 4 кезеңнен тұрды: «Отбасын таныстыру», «Отбасымыздың дәстүрі», «Әкем, анам және мен» (спортттық ойындар), «Отбасымның шашуы». Сонымен, отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған мәдениет және өнер мекемелеріндегі қызмеркерлер арасында «Менің отбасым – менің байлығым» отбасылық байқауының жеңімпаздары анықталды: 
  • 1-ші орын иегері - Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрынан қатысқан өнерлі КЕМАЛБАЕВТАР отбасы, 
  • 2-ші орын иегері - Облыстық халық шығармашылығы орталығынан - айтыскер ақын ОРАЛБАЙДЫҢ отбасы, 
  • 3-ші орын иегері - С.Бəйішев атындағы облыстық ғылыми-əмбебап кітапханасынан қатысушы - ақын ТІЛЕУЛЕСОВТЕР отбасы.
Барлық отбасыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен бірге, "Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы" ҚБ облыстық филиалының төрайымы Нәзира Табылдинова барлық отбасыларға естелік сыйлықтарын тарту етті.