Жаңалықтар мен оқиғалар
ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

1 қазан - Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері ұжымның ардагерлерін мерекемен құттықтады. Мекеме басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан ардагерлерге жылы лебіздер айтылды. Белгілі дәстүрлі әнші Қоянбай Тобағабылов пен термеші Құралай Әленова әсем әндерін орындады. Бұл мейірімді және жарқын мереке күні барлық қазыналы қарттарымызға денсаулық, ұзақ өмір тілейміз, әрқашан артыңыздан ерген өскелең ұрпақпен данагөйлігіңізбен және тәжірибеңізбен бөлісе беріңіздер.