Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

САЗДЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ.

САЗДЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ.
          2018 жылғы 29 қыркүйекте Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні қарсаңында Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы Сазды мәдениет үйінде "Қарттарым - асыл қазынам" мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің фойесінде А.Смаиловтың жетекшілік ететін Сазды орта мектебі жанынан құрылған "Жас ұлан" үрмелі аспаптар оркестрі әдемі әуендерімен қарияларды қарсы алса, ал №10 модельді кітапхана ұжымы арнайы көрме қойды. Мерекелік кеш "Шабыт" би тобының орындауындағы қазақ биімен басталды. Қазыналы қарияларды Астана ауданы аппаратының бас маманы Г.Муратаева мен мәдениет Үйінің директоры Ж.Кемерова атаулы мерекемен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады. Мереке барысында Сазды мәдениет Үйі көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, арнайы баталарын беріп, тілектерін жеткізді.