Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ
       2018 жылғы 28 қыркүйек күні Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні қарсаңында Құрайлы қалалық мəдениет үйінде "Шашу" халықтық отбасылық ансамблінің "Мейірімге толы шаңырақ" концерті өтті.
Ансамбльдің белді мүшелері, өнерімен ақтөбеліктерге кеңінен танымал азаматтар Өмірхан мен Амангүл жекелей және балаларымен шырқаған әндері де көпшіліктің көңілінен шықты.
       Облысқа Жетесовтердің «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі жақсы таныс. Ансамбль 2004 жылы Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылды. Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанова үш баланың ата-анасы. Оған қоса, тағы 15 баланы патронаттық тəрбиеге алып отырған үлгілі отбасы. Олар баласының әрқайсысын музыкалық аспапқа баулыған. Ансамбль өз репертуарында қазақ әндері мен күйлерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындап, ұлттық құндылықтарды насихаттауда көптеген табыстарға қол жеткізді. 
       Бірнеше рет отбасылық ансамбльдердің аймақтық, облыстық жəне басқа да халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары.