Жаңалықтар мен оқиғалар
«Туған жерім-нұрлы елім»: Қарғалы ауданының күндері

2018 жылғы 28 қыркүйекте "Туған жерім - нұрлы елім" акциясы аясында облыс орталығындағы Қарғалы ауданының күндері "Жұбановтар əлемі" мəдени орталығында "Əуелейді Шəмші əні" облыстық байқауынан басталды.
Мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халыққа кеңінен насихаттау, дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсету.
Өнер мерекесіне арнайы Шымкент қаласынан композитордың қарындасы - Райхан Қалдаяқова келіп, қатысты. Өнер бəйгесін құттықтау сөзімен Қарғалы ауданы əкімінің орынбасары Изгілік Тынымгереев ашты. Байқауға облыстың Алға, Темір, Ойыл, Хромтау, Қарғалы, Мұғалжар жəне Ақтөбе қаласынан 8 өнерпаз бақ сынады. Қазылар алқасының құрамы: композитор, ҚР мəдениет қайраткері Бақтығали Жұмалин, ҚР мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония əншісі Гүлсім Юсупова, Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғыны Марат Дүйсмағанбетов.
Облыс орталығындағы Қарғалы ауданының күндері "Жұбановтар əлемі" мəдени орталығында өткен "Əуелейді Шəмші əні" облыстық байқауының жеңімпаздары: 1 орын - Марат Жақсылық (Мұғалжар ауданы), 2 орын - Сабит Берікұлы (Ойыл ауданы), 3 орын - Нұрдаулет Қуандықұлы (Қарғалы ауданы). "Көрермендер көзайымы" - Жазира Мырзахметова (Хромтау ауданы). Балық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Қарғалы ауданының күндері барысында С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ел үшін туған – ер Сәрке» ғылыми конференциясы өтті.
Сәрке батырдың ерлігі мен елі үшін жасаған қызметін көпшілік қауымға кеңінен насихаттау мақсатында «Шәмші Қалдаяқов» қорының директоры, Қарғалы ауданының еңбек ардагері Бақыт Ғизатов, белгілі өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, Сәрке батырдың ұрпағы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қарғалы ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Степной» ЖШС директоры Аманғос Төлеуов т.б. баяндмалар оқыды. Сондай-ақ, облыстық «Ақтөбе» газетінің әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі Нұрмұханбет Дияровтың «Сәрке батыр» туралы поэмасынан үзінділерді ауданның жас ақыны Баймұхан Жомарт оқып, ақын Жақсылық Айжановтың «Сәрке батыр туралы» әні орындалды.
Ақтөбе қаласындағы ауданның бірінші күнін қарғалылықтар Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында "Ұшқын" жастар театрының Сая Қасымбектің "Бала кімдікі?" комедиялық қойылымымен аяқтады. Қоюшы режиссері - Аманжол Шапағат. "Ұшқын» әуесқой жастар театры 2015 жылы Қарғалы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылды. Əуесқой жастар театрының алғашқы режиссері Сəкен Бекетаев болды. Драма үйірмесі болған ұжым кейіннен театр болып қалыптасты. Жастардан тұратын ұжымның қоржынында бірнеше спектакльдер мен авторлық жұмыстар да бар. Бүгінде жас театр көптеген облыстық және аймақтық халықтық театрлар фестивальдерінің тұрақты қатысушысы. Ал, премьераның мазмұны болса, ел ішіндегі тастанды нәресте, «жетімдер үйі» мəселесін көтеріп, көрермендерді ойлантқандығында. Бұл комедия күлдіре отырып, сіз бен бізге ой салды.
29 қыркүйекте Қарғалы ауданының екінші күні "Табыс" коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жəрмеңкесінен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарына бұл жолы Қарғалы ауданының тауарөндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Өнімдердің құны нарықтағы бағадан əлдеқайда арзан болды.
Ақтөбедегі Қарғалы ауданының күндері Тұңғыш Президент атындағы саябақта әсем мерекемен аяқталды. Саябаққа жиналған ақтөбеліктер мен қала қонақтары ең алдымен ауданның тарихы мен мәдениетінен, шаруа қожа лықтарда өндірілетін өнімдердің түрлері мен кә сіп керлік мекемелер туралы толық ақпараттар қамтылған түрлі көрмелерді тамашалады.
Облыстағы "Бақытты бала" жобасын жүзеге асыру мақсатында саябақта балалар үшін арнайы алаң бөлінді. Бұл жерде балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, суреттер салып, түрлі жарыстарға қатысып, ән айтып, би биледі.
Гала-концерттің шымылдығын туған өлкеге арнаған театрландырылған қойылыммен ашып, қалың жұрт тың жүрегін толқы тып, ерекше әсерге бөледі. Қасиетті мекен өзінің көп ұлттылығымен ерекшеленеді.
Шарада арнайы көршілес Орынбор облысының өнерпаздары қала халқын мерекемен құттықтап, көңілді билерін билеп, бірлік пен татулық үшін тілек тіледі. Гала-концертте күллі қазақтың мақтанышына айналған композитор Шәмші Қалдаяқовтың қарындасы Райхан Қалдаяқованың ару қала Ақтөбеге келуі көпшіліктің мерейін өсірді. "Баурысақ Parte" мерекесі аясында барлық көрермендерге ыстық бауырсақтар таратылды.
Екі күнге созылған шара барысында Қарғалы ауданы мен облыс орталығының рухани байланысы, экономи калық, сауда-саттық, туризм, спорт пен мәдени ынтымақтастығы нығая түсті. Ал қала тұрғындарының қасиетті, көпұлтты өңірдің өнері мен өрендеріне деген ризашылықтары қарғалылық өнерпаздарды қанаттандырып, Ақтөбеге деген ыстық сезімдерінің өрілуіне себепші болғаны сөзсіз.