Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ ƏН ƏЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ, ВАЛЬС КОРОЛІ ШƏМШІНІҢ ƏНДЕРІМЕН БАСТАЛДЫ.

2018 жылғы 28 қыркүйекте "Туған жерім - нұрлы елім" акциясы аясында облыс орталығындағы Қарғалы ауданының күндері "Жұбановтар əлемі" мəдени орталығында "Əуелейді Шəмші əні" облыстық байқауынан басталды.
Мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халыққа кеңінен насихаттау, дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсету.
Өнер мерекесіне арнайы Шымкент қаласынан композитордың қарындасы - Райхан Қалдаяқова келіп, қатысуда. Өнер бəйгесін құттықтау сөзімен Қарғалы ауданы əкімінің орынбасары Изгілік Тынымгереев ашты.
Байқауға облыстың Алға, Темір, Ойыл, Хромтау, Қарғалы, Мұғалжар жəне Ақтөбе қаласынан 8 өнерпаз бақ сынады. Қазылар алқасының құрамы: композитор, ҚР мəдениет қайраткері Бақтығали Жұмалин, ҚР мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония əншісі Гүлсім Юсупова, Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғыны Марат Дүйсмағанбетов.
Сонымен, облыстық байқауының жеңімпаздары: 1 орын - Марат Жақсылық (Мұғалжар ауданы), 2 орын - Сабит Берікұлы (Ойыл ауданы), 3 орын - Нұрдаулет Қуандықұлы (Қарғалы ауданы). "Көрермендер көзайымы" - Жазира Мырзахметова (Хромтау ауданы). Балық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.