Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ЫРҒЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ!

ЫРҒЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ!
          Бүгін, 26 қыркүйек күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Астана қаласының 20 жылдығына арналған Республикалық «Аймақты әнмен тербетіп…» өнер мерекесінің салтанатты ашылуы өтті. «Аймақты әнмен тербетіп…» өнер мерекесі — облыс тұрғындарының асыға күтетін мәдени шарасы. Биыл байқау 22-ші рет ұйымдастырылып отыр.
          Өнер мерекесіне Жамбыл, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысының аудандарынан 19 өнерпаз қатысуда. Екі күнге созылған өнер байқауы ереже бойынша "терме" және "эстрадалық вокал" номинациялары бойынша өтеді.