Жаңалықтар мен оқиғалар
Туған жерім – нұрлы елім

2018 жылғы 21 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Байғанин аудандық мәдениет үйі аудан әкімдігінің қолдауымен қалалық мәдениет үйінің концерт залында ерекше туындыларымен есте қалған ақын, композитор Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығына аранлған «Ән мен жырдың Ақбұлағы» облыстық байқауын өткізді.
Мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ақын, композитор, драматург Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, композитордың ән мұрасының ең үздік үлгілерінің дәстүрін сақтау және өнерпаздарды анықтап, оларға қолдау көрсету.
Ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев 1926 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. «Сал сері-Қыз қосан», «Ана жүрегі, «Қарагөз қарындасым», «Ақтау әні» пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. «Ақ-бұлақ» әнінің шықаннына жарты ғасыр өтсе де өз биігінен түскен емес.
Бәкір Тәжібаевтың жазған жырларына Ә.Есбаев, Н.Тілендиев, С.Бәйтереков, Е.Хасанғалиев сынды белгілі композиторлар ән жаз ған. Бәкір Тәжібаев – «Қамар сұлу» операсы либреттосының, 150-дей әннің авторы. Халық сүйіп тыңдайтын «Әлия», «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Аппағым-ау, Аппағым», «Гүлсің-ау» т.б. әндердің авторы.
Байқауға облыстың Байғанин, Мұғалжар, Хромтау, Темір, Мартук, Қарғалы, Алға аудандарынан және Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі мен қалалық «Геолог» мәдениет үйінен 3 жанр бойынша 25 үміткерлер қатысты.
Шараны құттықтау сөзімен аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Жаңабай ашты.
Байқауды келесі құрамдағы қазылар алқасы бағалады: театр саласының ардагері Мағзом Бақытжанов, Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Гүлнар Елеуова, композитор, ҚР мәдениет қайраткері Бақтығали Жұмалин, ақын, ҚР жазушылар Одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы, Байғанин аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлжан Қонаева.
Байқау үш кезеңнен тұрды: ән, көркем сөз, драма. Үш кезең бойынша бақтарын сынаған өнерпаздардың талабы зор болды. Бірақ жарыс болған соң оның жеңімпазы да болатыны анық.
Байқаудың жеңімпаздары:
«Драма» жанры бойынша: Бас жүлде – Қуантаев Қымбат (Мәртөк ауданы) – 70 000 тг.
I орын – Оймауыт халықтың театры (Байғанин ауданы) – 50 000 тг.
II орын – Мұрат Ұлдай (Мұғалжар ауданы) -30 000 тг.
«Ән» жанры бойынша:
Бас жүлде – Өтен Қуандық (Байғанин ауданы) - 70 000 тг.
I орын – Қуандықұлы Нұрдәулет (Қарғалы ауданы) 50 000 тг.
II орын – Құлан Қайруллаев (Байғанин ауданы) , Амарал Мусаев (Мұғалжар ауданы) - 30 000 тг.
III орын – Сағынова Жарқынай (Ақтөбе қ.), Мерей Нұғманов (Алға ауданы) - 20 000.
Ынталандыру сыйлығы –Тұрғанбай Айман (Темір ауданы) 10 000 тг.
«Көркем сөз» жанры бойынша:
I орын – Жұмағалиева Гүлсезім (Алға ауданы) - 50 000 тг.
II орын – Серік Ақбота (Қобда ауданы) - 30 000 тг.
III орын – Жанкулова Азель (Хромтау ауданы) - 20 000 тг.