Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Туған жерім-нұрлы елім»: Қобда ауданының күндері

«Туған жерім-нұрлы елім»: Қобда ауданының күндері
          14-15 қыркүйек күндері Ақтөбеде «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Қобда ауданы күндері өтті.
          Облыс орталығында Қобда ауданының күндері барысында бірқатар игі істер атқарылу көзделген. «Туған жерім – нұрлы елім» акциясын қобдалықтар «Өмір сыйла өзгеге!» қан тапсыру шарасынан бастады. Донорлық - адам үшін жасалатын мейірімділік, қайырымдылық танытудың бір белгісі. Сондықтан, қаладағы Ағайынды Жұбановтар көшесі, 253-те орналасқан Ақтөбе облыстық қан тапсыру орталығында Қобда ауданының әкімі М.Шермағанбет бастаған қобдалықтар мен қала тұрғындары да кезекпен қан тапсыруда. Таңертеңгі 9-дан басталған акция кешке дейін жалғасады. Жалпы, қан тапсыруға түске дейін 60-тан астам адам қан тапсырып үлгерді. Бүгінгі қан тапсыру акицясы шын мәнінде Қобда халқының бірлігін, ынтымағын көрсетті десек артық болмас.
          Бұдан соң қобдалықтар Жұбановтар әлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен «Жан жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамы» ҚБ басшысы, облыс әкімінің кеңесшісі Құралай Байменова, осы қоғам мүшелері, қобдалық жастар, жоғары, арнаулы оқу орындарында оқып жатқан қобдалықтар  қатысты.
          Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Балалар жылы аясында «Біз  бақытты баламыз» атты балаларға арналған байқау, «Рухы берік, рухани  ел», «Кітаппен  селфи» көрмелері, «Менің бақытты отбасым» атты суретшілер сайысы ұйымдастырылды. Ал С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қобдалық жас ақын Арман Қабыловтың «Арнау» өлеңдер жинағының тұсау кесері өтті.
Одан әрі Қобда күндері аясында Ақтөбе қалалық №55 орта мектебінің тир залында Астананың 20 жылдығына орай Әлия есімді қыздар арасында«Мерген ару» сайысы өтті. Мақсаты — Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлік жолын насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік және патриоттық рухты қалыптастыру. Сайыстың жеңімпазы - Әлия Жұлдызбаева атанды.
          Облыс орталығындағы Қобда ауданының күндері Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Қаһарман қыз Әлия» спектаклінің премьералық қойылымы өтті. Режиссеры – Гүлзада Боқанова. Қобданы батырлар мекені деп бекерге айтпайды. Солардың арасында Әлияның жұлдызы ерекше жарқырайды. Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ерлігі ешқашан ескірмейді. Әлияның басынан кешкен бірнеше оқиғасы қамтылатын туындыда оның адами болмысына, еліне деген ерекше сүйіспеншілігі, әсіресе, соғысқа енді қосылған кезеңдердегі өміріне басымдық берілген. Тағы бір ерекшелігі — соғыс тақырыбындағы әндер шырқалады. Осы орайда басты рөлдегі Әлияның (Әсел Дусаева), майор (Құттымұрат Отарбаев), капитан (Ерұлан Жиеналин), снайпердің бірі (Жұлдыз Көбеева) ойындары ерекше сенімді шыққанын айтпай кетуге болмайды. Осындай актерлік құраммен аудандық театрдың жұмысы жанданып, "халықтық" атаққа қол жеткізетіндігіне нық сенімдіміз.
          ҚР Елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын өткізу барысында «Туған жерім-нұрлы елім» акциясы аясында Қобда ауданының Ақтөбедегі күндері жалғасуда. Ауданның екінші күні "Табыс" коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен басталды. Жәрмеңкеде Ақтөбе тұрғындары мен қала қонақтарына Қобда ауданының шаруашылықтары сапалы өнімдерін ұсынды. Оның ішінде, ет-сүт, май, көкөніс және басқа да өнімдері бар. Сонымен қатар, аудан өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. 
          Кешке ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында "Шежірелі Ұлы - Қобда" атты мерекелік шара өтті. Саябақ алаңында ауданның кешегісі мен бүгінгісін қамтыған көрмелер, қарбыз фестивалі, спорттық шаралар ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының Гала-концертімен және отшашумен аяқталды.