Жаңалықтар мен оқиғалар
Мерекелік концерт "Туған тілім - тірлігімнің айғағы"

2017 жылы ҚР Премьер-Министрінің «Мереке күндері тізбесін бекіту туралы» №689 қаулысымен Қазақстан халқының тілдері күні 5 қыркүйек болып белгіленді. Осыған орай облыста мерекелік іс-шаралар легі жалғасуда.
23 қыркүйек күні қаладағы А.Пушкин атындағы саябақта Облыстық халық шығармашылығы орталығы Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған "Туған тілім - тірлігімнің айғағы" мерекелік концертін өткізді.
Мерекелік концертті "Хопса Полька» әнімен "Возрождение" Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы" қоғамдық бірлестігінің «Файльхен» немістер хоры ашып, көрермендер көзайымына айналды. Бүгінде «Файльхен» неміс халықтық хорының репертуарында түрлі ұлттардың əндері бар. «Файльхен» неміс халықтық қорының атауын орысшаға аударғанда фиалка, ал, қазақшасы – шегіргүл деген мағына береді. Сондықтан да хордың əншілері осы гүл түстес киінеді. Хор жетекшісі - Равиль Гафаров. Ал, «Деш» цыған ансамблінің әншісі Алексей Дадусенконың орындауындағы «Бах бари» әні мерекеге деген тамаша тартулардың бірі болды. Концертті одан әрі «Танец с веерами» биімен халықтық «Чхинсон» би ансамблі, «Ариран» әнімен «Чиндо Ариран» вокалдық тобы, «Лезгинка» биімен «Әзірбайжандар қауымдастығының» «Дети гор» ансамбльдері жалғастырды.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының әншілері Бағдат Балмағамбетова, Нұргүл Жұмағұлова, Нұргүл Рамазанованың орындауындағы патриоттық әндер мереке мәнін аша түсті. Жас ақын Айболат Көшкінбай тіл туралы өлең шумақтарын оқыса, Облыстық халық шығармашылығы орталығы жас айтыскерлер мектебінің мүшелері Самғар Орынбай мен Нұрсерік Тәуекелов айтысып, сөз саптауларымен және өткір ойларымен қуантты. Ұтымды сөз айтқан жас ақындардың айтысы мерекеге деген өте тамаша тартулардың бірі болды. Көрермен ыстық ықыластарымен қол соғып, қошемет көрсетіп отырды.